$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жалған ақша жасағандар ұсталды

AstanaTV
21.10.2015ж. 20:00
1050
Жалған ақша жасағандар ұсталды

Қарағандыда жалған ақша жасағандар ұсталды. Облыста бүгінде мұндай 54 дерек тіркеліп, қылмыстық істер қозғалған. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті арнайы брифингте мәлімдеді. Алаяқтар 2 және 10 мыңдықтар мен 5 жүз теңгелік банкноттармен қоса 100 долларды да жасап, оңай олжаға кенелмек болған. Тергеушілердің айтуынша, жасанды номиналдарды бір қарағанда нағыз ақшадан ажырату қиын. Алаяқтар құнды қағаздардағы деректерді жоғары технологиялардың көмегімен көшіріп шығарған. Оларға жылтыр қорғаныш жіптер де енгізілген. Шынайылығын жарықта ғана көрінетін белгілердің жоқтығынан ғана анықтауға болады. Жасанды ақша жасайтын цехтар  Алматы, Жамбыл, Қостанай, Астана қалаларынан табылған. Ал, Қарағандыда таратылған жалған банктноттар Алматыда жасалыпты.

Ержан Толысбаев, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары:

Арасында 500 теңгеліктер бар. Көбісі, 90 пайызы 2 мыңдықтар. 10 мыңдықтар да кездеседі. Бұл жасанды ақшаларды базаға енгіздік. Барлығы Алматыдағы жалған ақша жасау цехынан шыққандықтан, қылмыстық істердің көбі сол қалаға жіберілді.

А.ҚУАШ






Алдыңғы жаңалық