$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Сауд Арабиясы Қазақстан мұнайын Еуропа нарығынан ығыстырып жатыр

AstanaTV
21.10.2015ж. 20:00
Сауд Арабиясы Қазақстан мұнайын Еуропа нарығынан ығыстырып жатыр

Сауд Арабиясы Қазақстан мұнайын Еуропа нарығынан ығыстырып жатыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Астана Еуропалық нарықты жоғалтуы мүмкін. Оған Таяу Шығыстан ағылып жатқан арзан мұнай себепші. Ақпарат құралының хабарлауынша, Сауд Арабиясы бүгінде «қара алтынын» Польшаға жеткізіп бастаған. «Роснефть» басшысы Игорь Сечиннің мәліметнше, араб мұнайының бағасы ресейлік Urals мұнайынан да арзан. Сарапшылардың пікірінше, қазір арабтар нарықты жаулап алуды жоспарлап отыр.  Ол үшін олар мұнайын арзанға өткізуге дайын. Польша де тегін таңдалған жоқ. Ол жерден шикізатты Германияға тасымалдауға жол ашылады. Ресеймен бәсекелескен арабтар орыстардың алдын орап кетуді көздейді дейді мамандар.

Игорь Сечин, «Роснефть» Мемлекеттік мұнай компаниясының президенті:

Сауд Арабиясы шикізатын Гданьск арқылы Польша нарығына алғаш рет шығарып отыр. Олар қазір белсенді түрде демпинг жүргізуде. Бұл жағдай әлемдік бағаны өзгертпей қоймайды. Сондықтан нарық үшін күрес өте маңызды фактор болып отыр.

«Bloomberg» шолушысы Леонид Бершидскидің айтқанына сүйенсек,  «Польша, Еуропаның көптеген елдері сияқты Қазақстан мен Ресей мұнай компанияларының тұрақты сатып алушыларының бірі. Мәслен, былтыр Польша импортының төрттен үш бөлігін Қазақстан мен Ресей өнімі алған. Ал осы жағдайда Сауд Арабиясына Еуропа нарығына тәулігіне 1 млн баррель мұнай жеткізсе болды, Ресей мен Қазақстанның нарықтағы орны қиындайды деген ойда Бершидский. Бұл орайда Венада өтіп жатқан мұнай экспорттаушы елдер ұйымының кездесуінен нәтиже күтудің өзі қиын. Қазақстан бүгінгі осы жиынға арнайы шақырылды. Біздің елдің атынан Энергетика министрлігі қатысып жатыр. Ведомство хабарлағандай, Астана мұнайдың баррелі 40-50 доллар деген есепті негізге алып отыр.

 А.ӘДЕПБАЙ