Қазақстан Президенті Протоколының экс-басшысы Румиль Тауфиков, Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі жазбаша ақпарат таратты. Дерек көздерінің мәліметінше, әкімнің жаңа орынбасары қала басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Юрий Ильиннің орнын алмастырған. Оның құзырына әлеуметтік бағдарламалардан бөлек төтенше жағдай мен жол мәселелері кіреді. Айта кетейік, Румиль Тауфиков 2006-2009 жылдары Президент Протоколының сол уақыттағы бастығы Бауыржан Байбектің орынбасары қызметін атқарған.
Р. АСҚАРБЕКҰЛЫ