$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда жалған құжатпен несие рәсімдеу фактілері жиілеп кетті

AstanaTV
21.10.2015ж. 20:00
Қазақстанда жалған құжатпен несие рәсімдеу фактілері жиілеп кетті

Қазақстанда жалған құжатпен несие рәсімдеу фактілері жиілеп кетті. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне бірінші несиелік бюро өкілдері мәлімдеді.  Күніне елімізде 7 мыңға жуық несие беріледі. Ал оның кем дегенде екеуі жалған құжатпен рәсімделіп отырған көрінеді. Ұйымның дерегінше, бүгінде алаяқтардың әрекетінен бес жүзге жуық азамат зардап шеккен. Ал жыл басынан бері тек 150-ге жуық қазақстандық бұл қарыздан сот арқылы құтылған.

Әсем Нұрғалиева, «Бірінші несиелік бюро» Компаниясының бизнесті дамыту бойынша директоры:

Алаяқтар жалған құжат әзірлеп, не болмаса жоғалған құжатқа ірі несие алады. Ең қызығы банкілердегі қарыз алушылардың базадағы фотоларында өзге адамдардың суреттері тіркелген. Жалпы осы жағдайға байланысты біз клиенттерге өз несиелік тарихтарын жарты жылда бір рет тексеріп тұруға кеңес береміз.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін біз екінші деңгейлі банктерге хабарластық. Алайда қаржы мекемелерінің көбі жалған несиелерге қатысты комментарий беруден бас тартты. Сұрағымызға жауап берген «Қазкоммерцбанк» өкілдері ғана биыл мұндай фактілер тіркелмегенін айтты.

Сергей Чикин, "Қазкоммерцбанк" АҚ БАҚ жұмыс бөлімінің бастығы:

Жалған несиеге қатысты екі оқиға біздің банкте 2013 жылы болды. Ол мәселе шешілді. Одан кейін бұндай жағдайлар болған емес.

 Ж.БАМАН