$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда жұқпалы ішек аурулары бой бермей тұр

AstanaTV
22.10.2015ж. 20:00
Атырауда жұқпалы ішек аурулары бой бермей тұр

Атырауда жұқпалы ішек аурулары бой бермей тұр. Әдетте жаз азайларында артатын "іш аурулары" балалар ғана емес, ересектер арасында да көбейген. Ауа тамшылары мен  тамақ арқылы жұғатын вирустық  инфекцияны емдеуге дәрі-дәрмек те жетпей жатыр. Әрі науқастар ауруханада жағдайдың жоқтығын айтып ашынды. Ал 3 жыл бұрын аяқталуы тиіс жаңа аурухананың құрылысы әлі бітпей тұр.

Дина апай алаңсыз ойнап жүрген немересі Нұриманның әп-сәтте мазасызданып,  іші өтіп, құсып, қызуы көтерілгенін айтады. 4 күннен бері ауруханада емделіп жатыр.

Дина Қырымбаева, Атырау қаласының тұрғыны:

Қызуы әлі түспей тұр. Іші өтпегенімен.  Дәрілерді беріп жатыр. Дәрігерлердің емдеуі жақсы.

Надя Ерғалиева, Атырау облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Амалсыздан үлкендер жататын бөлімшені балаларға бейімдеуге тура келді.  Мемлекеттік тапсырысқа сай алған дәрі-дәрмек қорын аяқтадық. Науқастардың көп болуына байланысты жеткізе алмай жатырмыз.

Балабақшаның ескі ғимаратында орналасқан емдеу мекемесінде дәрі-дәрмектен басқа проблема жетеді. Іші салқын, әрі жұқпалы дертпен келген жандарға қарапайым гигиеналық жағдай жасалмаған. 

Салқын су, іші лас. Жуынатын жер жоқ.  Балама дейін «салқын»,- дейді. Түнге қарай жуындымайсың ба,- күндегідей,- дейді. Условия жоқ, қалай жуындырамын.  Одан сайын ауру жұқтырамын ғой инфекциялық ауруханадан,- дейді

Жұмабек Дәулетов, Инфекционист-дәрігер:

Физиолечение деген воовще жоқ отделениеде.  Тек қана полувоенный Украинада жүрген палаткадағы сияқтымыз ғой. Айырмашылығы қабырға, бетон. Болды.  Конференция залды көрдіңіз бе? 14-15 адам бір палатада жатыр.  Ондай новодение болған кезде жату керек қой.

Б. НӘДІРҚЫЗЫ