$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Құжат бойынша қаза болған қария

AstanaTV
22.10.2015ж. 20:00
1216
Құжат бойынша қаза болған қария

Өскеменде құжат бойынша қаза болған қария бүгін тірілер тізіміне қосылды. Таяуда арнамыздан аяқ астынан 85 жастағы зейнеткер құжат бойынша өлілер қатарына еніп кеткені туралы айтқан болатынбыз. Жаға ұстатар жаңалықты ол өзіне зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкерлері хабарласқанда білген еді. Енді бүгін келеңсіз жағдай үшін жергілікті зейнетақы төлеу орталығының басшылығы кешірім сұрап барды. Олар Мария Антоновнаға сыйлығын беріп, қарияны «ресми тірілер тізіміне» қосқаны туралы қуанышты хабар жеткізді. Ал, Астандағы республикалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қате кімнен кеткенін айтып берді.

Асқар Әбілдаұлы, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директорының орынбасары:

Біз орталықтандырған Министрерство юстицииға қатысты мынау «государственный  база данның физических лиц» деректерінде осы кісінің құжаты «қайтыс болуына» байланысты жарамсыз деген мәлімет түседі. Бірақ қандай да бір зейнетақы орталығы бұл деректерге өзгеріс енгізуге құзыретті мекеме емес. Сол құзыретті мекемелерге тиісті хаттар Ішкі істер министрлігінің тарапына жолданды.

 Б.ХАСЕНОВ