$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Ителгілер бостандыққа жіберілді

AstanaTV
22.10.2015ж. 20:00
Ителгілер бостандыққа жіберілді

Контрабандалық жолмен шетел асып кете жаздаған ителгілер бүгін еркіндікке жіберілді. Бұған дейін Шымкент зообағын уақытша мекендеген 18 құс Оңтүстік Қазақстандағы Бәйдібек ауданы аумағындағы ұлттық паркінде ұшырылды. Арнайы тормен әкелінген құстар аспанға самғай жөнелді. Бұл аумақ жыртқыш құстар мекені. Мұнда аңшылыққа тиым салынған. Сондықтан ителгілердің броконьерлер қолына түспейтініне сенімдіміз - дейді табиғат жанашырлары. Мамандар: егер бұл құстар шетел асып кеткенде ел табиғатына 33 млн теңге залал келген болар еді дейді. Айта кетейік, қазір қанаттылардың екеуі хайуанаттар бағында. Өздерін нашар сезінгендіктен арнайы күтімге алыныпты. Ал тағы төрт ителгі  күйзелістен өліпті. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, еркіндікке үйренген құстар торға қамалғанды көтере алмаған көрінеді. Еске салайық, 24 құс салынған екі шабаданды кеденшілер 14- қыркүйекте Шымкент-Дубай бағытындағы ұшаққа тиелгелі жатқан жерінен анықтаған еді. Арнайы қорапқа жеке-жеке салынған қанаттылардың даусы шықпайтын амал да қарастырылған болатын.

 А.ТӨРЕБЕҚЫЗЫ