Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда, жол ережесіне бей-жай қарайтын жаяу жүргіншілерді тәртіпке шақырудың тағы бір тәсілі қолданылды

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1461
Павлодарда, жол ережесіне бей-жай қарайтын жаяу жүргіншілерді тәртіпке шақырудың тағы бір тәсілі қолданылды

 «Крик» фильмінің кейіпкері Павлодар көшесіне шықты. Бұл - Керекулік полицейлердің жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол апаттарының санын азайту мақсатында қолға алған шарасы. Қара жамылғы мен бетперде киген адамдар жолды төтесінен кесетін жаяу жүргіншілердің ереже бұзғанын, оның арты адам өліміне апаратынын түсіндіріп жүр. Ол жол-қозғалыс ережесін бұзғандардың алдынан шықты. Осылайша, қате басқан әр қадамның адам өмірі үшін қауіпті екендігін ескертті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шара барысында 20-ға жуық жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өткен. Бірақ, бұл жолы олар жауапкершілікке тартылмады. Тек, ережені сақтау қажеттігі жазылған буклеттер мен әңгімелесумен шектелді. Дегенмен, қолданыстағы заңға сәйкес, құқық бұзушыларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Тәртіп сақшыларына бұл шараны ұйымдастыруға «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері көмектескен.

Бибол Жұманов, Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полициясының инспекторы:

 Ағымдағы жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 238 жол көлік оқиғасы орын алды. Онда 14 адам қаза таып, 200-ден астамы әртүрлі дене жарақатын алды.

А.МҰХИТОВА