$495.28 €518.41 ₽5.44
×

Зейнетақы қорынан экономиканы сауықтыру үшін 1 трлн теңге бөлінеді

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1097
Зейнетақы қорынан экономиканы сауықтыру үшін 1 трлн теңге бөлінеді

Экономикаға триллион теңге. Келесі жылы қазақстандықтардың зейнетақы қорынан экономиканы сауықтыру үшін 1 трн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Осылайша, Бас банкир елдегі жекеменшік банктер және ұлтық компаниялар арқылы тұрғын үй құрылысы мен басқа да салаларды қаржыландырмақ.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Келесі жылы біз зейнетақы қорынан 1 трлн теңге бөлуіміз мүмкін. 400 млрд теңге бюджет тапшылығын жоюға, 600 млрд теңге экономиканы жандандыруға бағытталады. Біз квазимемлекеттік сектордың құнды қағаздарын сатып алатындықтан, ақша қайтып келеді деген кепіл бар. Бұл банкетерге де қатысты. Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының табысы 9 пайызды құрады. Бұл бұрынғыдан әлдеқайда жақсы көрсеткіш.

Сондай ақ, Қайрат Келімбетов кезекті оптимистік болжамымен бөлісті. Доллар бағамы алдағы екі жыл бойына 250-270 теңгеден аспайды дейді.

Блиц:

- Адамның сөзіне сену үшін, оның сөзі орындалуы керек қой әуелі.

- Халықтың айтуы бойынша 300-ге барады дейді ғой, солай болатын шығар.

- Пенсионный фондттан бәрінен алайын деп жатыр ғой, "Самрұқты" толтырайын деп, жылдан жылға келешекке қорқып жатырмын. Келімбетовке сенбеймін.

- Енді айтқаннан кейін ұстайтын шығар Үкімет. Мұнайымыз жақсы болса бағасы,теңгеміз де дұрыс болады.

- Мен Үкіметке сенем, Президентке сенем, бітті. 

 М.БАҚЫТҚЫЗЫ