Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай тариф болмайды

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
964
Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай тариф болмайды

Қазақстан екі-үш жыл ішінде алғашқы атом электр станциясын салу бойынша алаң мен стратегиялық серіктес таңдауды анықтайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен ТМД елдерінің электр энергетикалық  кеңесінің 48-ші отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы электрэнергиясын тұтыну теңгеріміне сәйкес Атом электр станциясы, тек 2025 жылы пайда болмақ.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Атом электр станциясын салуға екі орын анықталды. Оның бірі - Балқаш өзені аумағының оңтүстік-батыс бөлігі және Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы  қарастырылған. Стратегиялық серіктес табу барысында жұмыстар жіті  атқарылуда. Қазіргі дағдарыс жағдайында станциясы салуға қолайлы тетіктерді жақсылап қарастыру керек.

Сондай-ақ, кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ аясында жалпы энергетикалық нарықты құру жоспары жыл соңына дейін аяқталатыны мәлім болды. Ресей Энергетика министрлігінің өкілі Егор Гринкевич біріңғай тариф енгізілу қарастырылмағанын тілге тиек етті.

Егор Гринкевич, РФ Энергетика министрлігінің департаменті директорының орынбасары: 

 Электроэнергетикада генерацияға қатысты тарифтер, сосын желілік және техникалық байланыс тарифтері бар. Қазіргі уақытта бірегей тарифтер жөнінде айтудың қажеті жоқ. Ең біріншіден сауданың ауқымын кеңейтетін механизмдерді жетілдіре түсу қажет. Бізде сауда саласына даңғыл жол ашылса, бұл алдымен компанияның бәсекелестерін арттырады. Сол себепті электр қуатының бағасына қатысты айтқан жөн. Бұл нарықты күшейтіп пайда табуға мүмкіндік береді.

А.ЕРМАХАН