Ертең БҰҰ-ның құрылғанына тура 70 жыл толады. Әлемдік проблемалар талқыланатын мінберден Қазақстан да талай рет сөз алды. Өткен айда ғана Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның мерейтойлық сессиясына қатысты. Қазақстан басшысы биік мінберден біраз ұсыныстарын жеткізді. Әлемдік жаңа валюта енгізуді айтты. Барлық мемлекеттердің әскери шығыстарының 1 пайызын Мыңжылдық мақсаттарын жүзеге асыру ісіне бөлуге үндеді. Сондай ақ, қазіргі уақытта Азияның қарқынды дамуына байланысты БҰҰ қызметін жаңарту және жандандыру мақсатында оның штаб-пәтерін Азия құрлығына көшіруді ұсынды. Ол Азия құрлығы дегенде Қытай мен Оңтүстік Корея ғана емес, Астананы да ойлайтынын айтты. Бір атап өтерлігі, алаштың тілі саясаттың тілі екенін ұқтырды. Көршімен арадағы геоахуалдың мінәйі тұстарынан қалайша шылбыр үзіп, шырқап шығудың мүмкіндігін де сездірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:
БҰҰ күн сайынғы қиын бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үн қатысудың бүкіләлемдік мінберіне айналды. Адамзат одан өзінің әралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамызға қатыстылығын, ортақтылығын сезініп отырды. БҰҰ негізін қалаушылар алдағы алыс болашққа ой көзімен қарай білді. Әлем бүгін олардың бастамалары мен орындалған арманының жемісін көріп отыр.
М.БАҚЫТҚЫЗЫ