$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Дағдарыс, теңге бағамы, мұнай бағасы және зейнетақы қорын жұмсау

AstanaTV
24.10.2015ж. 20:30
1551
Дағдарыс, теңге бағамы, мұнай бағасы және зейнетақы қорын жұмсау

 Үкімет анализ жасап, дағдарысқа қарсы жоспар құрып, қажетті шараларды тізіп, елді хабардар етіп отыру керек»,- деді. Себебі бюджет кірісі 40 пайызға азайып кетті. Энергия көздері бағасының арзандауы міне, шикізатқа тәуелді елдерді өстеді...

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:

Близкое улучшение положения невозможно спрогнозировать. – Жағдайдың жақын арада түзелетінін болжау мүмкін емес. Біздің халық ағымдағы ахуалдан хабардар болуы керек: кәсіпорындарымыздың табысы азайып жатыр, кіріс төмендегесін, жұмыс орындары қысқаруы мүмкін. Нағыз дағдарыс басталды – 2007-2009 жылдардан да ауыр болмақ.

«Нағыз дағдарыс басталды» деу, оның ұзаққа созылатынын айғақтайды. Макроэкономикалық зерттеулер институтының директоры Олжас Құдайбергенов дәл қазір жағдайдың қалай өрбитінін сипаттау қиын екенін айтады. «Не болатыны ашық айтылған жоқ, Бірақ жалпы алғанда, тамыз девальвациясы түрлі секторда бағаның өсуіне әкеледі. Әзірге әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар айтарлықтай қымбаттаған жоқ. Қанша уақытқа дейін ұстап тұратындарын білмеймін. Баға тек субсидиялардың есебінен шарықтамайды. Бағаны ұстап тұратындай мүмкіндік бар деп ойлаймын»,-  дейді, аса сақтықпен... 

 Ал Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов оптимист адам. Ол алдағы үш-бес жылда мұнай бағасы өседі- деп есептейді. Болжамын теңге бағамына байланысты комментарий жасағанда айтты.

Қайрат Келімбетов, ҰБ төрағасы:

1 долардың бағасы 277 теңгені құраған бағам қазақстан экономикасына тиімді тепе-тең бағам деп есептейміз. Ал қазақстан экономикасы еркін айналыма қашан бейімделеді? Инфляциялық таргеттеуге көшкеннен кейін кез-келген экономика жаңа курсқа, жаңа ақша-несие саясатына  6 айдан 12 айға дейін бейімделеді. Ал теңгенің әрі қарай қалай «жүзетіні» бірінші кезекте мұнай бағасына байланысты болмақ. Егер мұнай 50 доллардың маңында сатылса, теңге қазіргі бағамды «ұстайды». Ал егер мұнай бағасы түсе берсе, егер көрші елдердің экономикасы рецессияға ұшыраса, еркін айналымға түскен теңге ондай күйзелістерді жібітіп, біз қам қыламыз. Ал мұнай бағасы көтерілсе, ал баға алдағы 3-5 жылда өседі, онда теңге беки түседі. Тараптар сатуға көшіп, түскен табысқа шаттанбақ.  

Алайда  Келімбетов сияқты оптимист емес шенеунік бар. Ресейдің шенеунігі – экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев. Ол –мұнай баррелінің бағасы 50 доллардың айналасында әлі бірнеше жыл айналады- деп есептейді.

  Енді мынадай деталь: Сауд Арабиясы біздің мұнайды Еуропа нарықтарынан ығыстырып барады. Bloomberg агенттігіне сүйенсек, Астана еуропа нарығын Таяу Шығыстың арзан мұнайының кесірінен жоғалтуы мүмкін.

 Мақалада Сауд Арабиясының Польшаға мұнай жеткізіп жатқаны жазылады. Ал Польшаны таңдағандары -  Польшадан мұнайды Германияға жеткізу қиын емес. Сол арқылы  «Дружба» құбыры арқылы өтетін орыстардың мұнайына бәсеке бола алады.  Тіпті ресейліктерді  «састырып» бастағанға ұқсайды. Ресейдің  «Роснефть» компаниясының басшысы Игорь Сечин, араб мұнайының ресейлік Urals сортынан арзан екенін айтқан.

¤

Игорь Сечин, «Роснефть» компаниясының президенті

Сауд Аравиясы Гданьск арқылы Польша нарығына бірінші рет шығып отыр.  Олар белсенді түрде демпинг жасайды. Бұл әлемдік баға өзгерісінің бір элементі...  Осы уақытта  нарықтар үшін күрес - негізгі факторлардың бірі.

¤Саудиттердің бұл ретте  тағы бір ойлағаны - ұзақ уақытқа созылған санкциялар енді алына бастаған Иран қайтып келгенше  Еуропа нарығын өзінің мұнайымен «цементтеп» тастамақ. Арабтардың «демпингі» туралы Сечиннің айтқаны рас - арабтар мұнайдың 1 барреліне 1 доллардан жеңілдік жасауға дайын.

Ал қазақстандық мұнайдың «ығысуына» тереңірек тоқталсақ. ¤Bloomberg-ң шолушысы Леонида Бершидскийдің сөзінше, «Орталық және Шығыс Еуропаның көп бөлігі сияқты Польша да ұзақ жылдар бойы ресей және қазақстандық мұнай компанияларының клиенті болды. Ал Сауд Арабиясы еуропа нарығына тәулігіне 1 миллион баррель мұнай сатсыншы, ол саудиттер үшін проблема емес, Қазақстан мен Ресейдің үлестері үштен бір-ге қысқарады».   

 Былтыр еліміз 62,5 миллион тонна мұнай экспорттады. Ал ең ірі сатып алушылар Еуропа мемлекеттері...

Осылардың бәрін бір жіпке тізсек, тарта алмайтын «бұратылған арқан» шығады: саудиттердің «тірлігіне» байланысты шикізаттың бағасы  төмендей беретін сияқты. Екіншіден, солардың арзан мұнайын тықпалап, демпинг жасауы, біздің мұнайдың сатылмай қалу қаупін туғызып отыр. Ал керек болса... Айтпақшы, ҰБ төрағасы Қайрат Келімбетов біртұтас зейнетақы жинақтаушы қорының қаржысы экономикаға жұмсалуы мүмкін екенін айтып отыр.    

 
Қайрат  Келімбетов,  ҰБ төрағасы: 

Биыл да, алдағы жылы да біртұтас зейнетақы жинақтаушы қорында жатқан  қаржының қомақты бөлігін экономиканы несиелендіруге жұмсау мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Ақша банктерге, тұрғын үй құрылысына, аралас секторларға бөлінеді. (
т.е. тенге доступный и не дорогой будет предоставлен экономике, с этим никаких вопросов нет).

Жаңа  «ал керек болса» десек, енді күлімсірейміз. Ащы күлкі, әрине...