Алматының көп адамның «Азамат» атануына ықпалдасқаны, қаншама тұлға қалыптасырғаны, ол тұлғалардың елді жетелегені ақиқат. Бірінші кезекте ғалымдар, оқымыстылар, өнер-мәдениет, әдебиет тарландарын айтамын. Ал Алматыда білім алған қаншама түлек еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салада қажырлы еңбек етті. Олардың жүрегінде Алматы әуені арқашан тербеліп, бүкіл жүріс-тұрысымен «Алматыда оқыған» деген атқа лайық қызмет қылды... Алматының тәкаппар сұлулығы және иә-иә, «болмысы» мен «санасы» елдің сұлулығын, болмысын, санасын өсіре бермек. Оның ішінде Алматының ескі ғимараттары мен үйлері / әрине, мыж-мыж, қоржын тамдар емес/,қаланың ...ажарын ашқан, мазмұн-мағынасын тереңдеткен тағандары. Рас, қаланың дамуы, өркендеуі – жаңа нысандардың салынуы заңдылық. Бірақ олар көне жауһарлармен үндесуі – шарт. Ал көне ғимараттарды бас салып сүріп тастау, ол бойынша қоғам пікірімен санаспау – жұмсартып айтқанда «дұрыс емес». Адамдар неге қарсы - себебі өз өмірлерінің парақтарын жыртып тастап жатқандай болғасын. Ғимараттар сталиннің немесе хрущевтің тас мүсіндері емес, жұлып тастай салатын... Бірінші кезекте коммунистік ми-дан, құлшылық етуден, санадағы үрейлерден арылуымыз керек. Ал үйлерді, ғимараттарды жаппай қирату сана өскенінің көрсеткіші емес...
Ришат Асқарбекұлы Алматыны ақын және архитектормен аралап көрді. Өрбіген әңгіме мынадай:
Ақмырза Рүстембеков, Қазақстан сәулетшілері қауымдастығының президенті:
Алпысыншы жылдары басталған құрылыстың негізі сол тұрғын үй кешендері болды. Мысалы 70-ші жылдары шағын аудандар, ондағы панелдік құрылымдағы үйлер. Ал көзге түсетін ерекше ғимараттар салынбады. Онда негізінен сол 30-40 жылдары салынған кешендер сақталып қалған ғой.
Ақмырза Рүстембеков кәсіби сәулетші. Маман Кеңестік Алматыдағы құрылыс дүмпуінің ең шарықтау кезеңі 30 жылдар мен 60 жылдарға келгенін айтады. Соғыс жылдары Қазақ опера жөне балет театры, Қазақстан ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйі салына бастады. Мұның барлығы 1936 жылы бекітілген қаланың архитектуралық бас жоспарына сәйкес жүргізілді. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру еді.
Алматының ескі келбеті мен жаңа бедерін үйлестіріп замануи қалаға айналдыру идеясы заңдылық. -Бірақ ол үшін қаланың орталығындағы көне ғимараттар мен баспаналардың кейбірін расында сүру керек- дейді маман.
Ақмырза Рүстембеков, Қазақстан сәулетшілері қауымдастығының президенті:
Қала ішінде мысалы Фурманов көшесін алсақ. Тұрғын үйлер бар. Олардың бәрі қауіпті. Кейінгі кезде айтылып жүрген Алатау кинотетары дейміз. Ол үйреніп қалған жері алматылықтардың. Бірақ оның сырт келбеті өзгеріп кеткен. Ол өз образын сақтамаған. Қазір ол киноатеатр керек емес.
Ақмырза Исаұлымен бірге шаһардағы көпшілікке танымал, көзге бірден ілінетін нысандарды аралап көрдік. Абай атындағы опера және балет театры күрделі жөндеуден өтсе де, келбетін сақтаған бірегей ғимарат. Оның үстіне екі миллионнан астам халқы бар қаладағы жалғыз опера ордасы тарихи-мәдени ескерткіштер тізімін бастап тұр. Ал оған қарама-қарсы орналасқан «Алматы» қонақ үйінің мәселесі қыл үстінде. Соңғы жылдары мейманхана иелері тартымды ауданда орналасқан нысанның бизнес тұрғысынан тиімсіз екенін айтып жүр. Себебі кеңестік стандарттармен салынған қонақ үйдің бөлмелері қазіргі заман талаптарына жауап бермейді. Осы қонақ үйдің тағдырын «Оқушылар сарайы» да бастан кешірді. Аумағы ат шаптырым жерге көз алартқан бизнестік құрылымдар, кешенді бұзуға ниеттенген болатын. Бірақ Қаратаудың мәрмәрі мен Балқаштың гранитімен көмкерілген сәулетті ғимарат бұзылудан аман қалды.
Ақмырза Рүстембеков, Қазақстан сәулетшілері қауымдастығының президенті:
Алматы қаласының үлкен кешені- Оқушылар сарайы болатын. Уақыты өтті. Отыз жылдан асты. Әрине жаңарту керек.
Кеңестік сәулет өнерінің ансамбліне айналған бұл аумақ- Абай алаңы деп аталады.
Ақмырза Рүстембеков, Қазақстан сәулетшілері қауымдастығының президенті:
Мысалы мен сізге айтайын. Мына жерді біз «Абай алаңы» дейтінбіз. Қазір бәрі өзгерді. Осы Республика сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі, «Арман» кинотеатры Кеңес заманындағы архитектураның шыңы деп қарадық. Оның сыртқы келбеті жалғыз Алматылықтарға емес Совет заманының қонақтарына да белгілі болған.
Алматы- романтикаға толы әсем қала. Қазіргі Абылай хан мен Төлебев көшелерің арасы «ескі қала» деп аталады. Әсіресе қазақ зиялылары мен жақсы-жайсаңдарының жаңғырығы қалған жерлер бұл. Ақын Мыңбай Рәш саналы ғұмырының 72 жылын Алматыда өткізген. Шалғайдағы ауылда туса да, тағдыр оны бала кезінде-ақ осы шаһарға жетелеп әкелген.
Мыңбай Рәш, ақын:
Мына Алматыда ол кезде мәшине жоқ болатын. Сирек. Тек үкімет адамдарында болатын. Қазіргідей кептеліс деген жоқ. Үйлер аласа болатын.
Әдеби ортада жүрген ақсақал Алматыдағы көне әрі сәулетті ғимараттардың бірі қазіргі жазушылар үйінің тарихын жақсы біледі. Архитектор Александр Леппиктің бастауымен 1956 жылы бой көтерген үш қабатты үйдің сыртқы келбеті сол күйінде сақталған.
Мыңбай Рәш, ақын:
Мына ғимарат сол кезде ет-сүт өнеркәсібі министрлігі болатын. Жарнама тұратын. Ғабит Махмұтұлының еңбегі ерекше болды. Мүсірепов. Жазушылар үйі анау жақта ескі лашықта тұратын, Анау көк базар жақта. Жазушыларға үй керек деп, осыған қояр да қоймай жүріп, Орталық комитетке барып, Қонаевқа барып, басшыларға барып жүріп осы үйді алды.
Ақын ғұмырының 34 жылын Абылай хан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы екі қабатты үйлерде өткізген. Виктор Храпуновтың кезінде жермен жексен болған бұл аумақ қазір уақытша саябаққа айналыпты. -Онда Күләш Бәйсейітова, Евгений Брусиловский, Әбділдә Тәжібаев және Ахмет Жұбановтар тұрған болатын дейді, қарт ақын.
Мыңбай Рәш, ақын:
Қасым Аманжолавтың зар илеп жүріп алған. Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды,
Мен сонда да тастамаспын астанамды. Өлеңімнің отыменен жылытамын шешемді,
әйелімді, жас баламды, деп жүрген үйі мына Қабанбай көшесінің бұрышында
болатын. Сол қазір бұзылып кетті. Неге оны мұражай жасамасқа. Бізде осы жағы
жетіспейді.
Үш жыл бұрын Алматыда 145 мәдени- тарихи ескерткіш болса, олардың 35-і
тізімнен сызылған. Олар пролетариат көсемдеріне қойылған ескерткіштер,
көпестердің үйлері, ескі қонақ үйлер, кинотеатрлар мен дүкендер. Бірақ сүрілуге
жатпайтын негізгі нысандар мыналар:
«Опера және балет» театры, Вознесенский Кафедралдық соборы, Орталық
байланыс үйі, Ескі үкімет үйі. Ғылым академиясының ғимараты. Арасан монша
кешені, Қазақстан қонақ үйі, Республика сарайы сияқты 86 ғимарат бар. Ал тәуелсіздік алғаннан соң Алматыда бой
көтерген Есентай тауэрс. Алматы қаржы орталығы. Тұңғыш Президент атындағы саябақ. Нұрлы тау бизнес орталығы. Достық
Плаза сауда ойын-сауық кешені. Көк-төбе
кешені. Алматы метросы шаһардың ең көрікті жерлеріне айналып үлгерді.
Ақмырза Рүстембеков, Қазақстан сәулетшілері қауымдастығының президенті:
Негізі қаланың әрбір 20-30 жылда бас жобасы өзгеріп отыруы керек. Заман да тез өзгеріп барады.
Бас жоспарға енгізілген түзетулердің негізгі бөлігі ескерткіштерді қорғау мәселесін қамтыған. Сәулетшілер Алматының туристік тартымдылығы қаланың тарихымен байланысты екенін айтады. Олар қолда бар тарихи-мәдени ландшафты мұражайға айналдыруды ұсынады. Ал соңғы уақытта кейбір қоғамдық ұйымдар қаланың орталық бөлігін сақтап қалуды ұсынады. Олар мұнда жаңа құрылыс жүргізуге қарсы. Ал өз балалық шағын, жастығын және қарттығын Алматымен байланыстырған Мыңбай Рәш те әр істе «жеті рет өлшеп, бір кес» деген қағиданың ескерілгенін өсиеттейді. Ең дұрысы сол сияқты. Айтпақшы ақынның Алматы туралы әні 70-ші жылдары Румыниядағы қалалар фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған. Оны әйгілі Ришат және Мүсілім Абдуллиндер орындаған.
Дыбыстық қыстырма: Мыңбай Рәш орындайды әнді, артынан ағайынды Абдуллиндер жалғастырады: Әннің аты: Жастық мерекесі.
Ришат Асқарбекұлы, 20:30 Біздің уақыт.