$520.93 €609.07 ₽6.68
×

А.ШПЕКБАЕВ: Сара Нұрқатованың іс-әрекеті мемлекеттік қызметкердің ар-ождан кодексіне қайшы

AstanaTV
27.10.2015ж. 20:00
1229
А.ШПЕКБАЕВ: Сара Нұрқатованың іс-әрекеті мемлекеттік қызметкердің ар-ождан кодексіне қайшы

«Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың іс-әрекеті мемлекеттік қызметкердің ар-ождан кодексіне қайшы». Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі  төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мұны ресми түрде мәлімдеді.

Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:

Жұмысқа жерлестік немесе туысқандық принциптері бойынша қабылдауға болмайды. Ол азаматша ар-ождан кодексіне сәйкес қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруы керек болған. Алайда керісінше әрекет етті.

Еске салайық, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың туыстарының түрлі  лауазымды қызметтерді атқаратыны жайлы әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары жарыса жазды. Мәселен, шенеунік ханымның ұлы облыстық білім басқармасын басқарып отыр. Ал келіні өңірдегі жастар саясаты басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарады. Өткен аптада бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесінде де көтерілген болатын.

 М.БАҚЫТҚЫЗЫ