$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Каспийде жоғалып кеткен 3 балықшы, 10 күннен бері әлі табылмай отыр

AstanaTV
27.10.2015ж. 20:00
1330
Каспийде жоғалып кеткен 3 балықшы, 10 күннен бері әлі табылмай отыр

Ақтаулық құтқарушылар Каспий теңізінде із-түссіз жоғалған үш балықшыны 10 тәуліктен бері іздестіріп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. «Ақтау Балық Компани» серіктестігінің жұмысшылары 16-шы қазанда Қаражанбас кен орнына жақын аумақта теңізге шыққан. Ертесіне төтенше жағдайлар департаментіне кәсіпорынның басшысы көмек сұрап келеді. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жөнелтілген. Іздестіру шараларына балық қорғау инспекциясы да атсалысты. Сондай-ақ, Каспийдің Қазақстан аумағында жұмыс істейтін барлық кеме компанияларына хабар берілген. Бір тәуліктен соң- жағажайдан үш шақырым жерде аударылған қайық табылды. Онда балықшылардың  құтқару кеудешелері мен ау құрылғылары, азық-түлік пен gps-навигатор болған. Судағы іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген соң, мамандар авиация көмегіне жүгінген. Алайда,  дауылды ескерту дабылынан соң тікұшақ әуеге көтеріле алмады.

Бақтияр Тілеубергенов, Маңғыстау облыстық ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызметі басқармасының басшысы:

Тәртіп бойынша, іздестіру шарасы 7 күн бойы жүргізіледі. Бірақ, 7 күн өтіп кетті. Десе де, үш адамның бір уақытта жоғалуы алаңдатып отыр. Ауа райы ыңғайлы болса, іздестіру шараларын тоқтатпаймыз.

 А.МҰХИТОВА