$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Локомотив зауытының өндірісі 40 пайызға құлдыраған

AstanaTV
28.10.2015ж. 20:00
1929
Локомотив зауытының өндірісі 40 пайызға құлдыраған

Астанадағы локомотив шығаратын зауыттың өндірісі 40 пайызға құлдыраған. Салдарынан кәсіпорын жұмыс аптасын қысқартуға мәжбүр болды. Бұл туралы зауыт басшылығы мәлімдеп отыр. Кәсіпорынға тапсырыс негізінен көрші елдерден түседі. Жыл соңына дейін Әзірбайжанға 10 вагон жөнелту жоспарланған. Басшылық дағдарыстың қыспаққа алғанын мойындайды. Бірақ олар зауыттың сатылатынынан бейхабар болып шықты. Жекешелендіруге іліккен 60 ірі компанияның тізімін кейбір ақпарат құралдары жариялап үлгерді. Ол тізімде Локомотив зауыты да бар.

Мұрат Тілеубаев, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті:

Акциялардың сатылатыны туралы сізден бірінші рет естіп тұрмын. Шынын айтқанда өндіріс көлемі түсіп жатыр. Дағдарысқа байланысты жүк айналымы азайған. Бір де бір жұмысшыны қысқартқан жоқпыз. Тек жұмыс аптасын қысқарттық. Бүгінге дейін Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Украина мен Әзербайжанның парктерін толық қамтыдық.

Бір айта кетерлігі алтыншы инвест-форум аясында журналистер үшін, қалалық әкімдік ұйымдастырған инвест-тур сәтсіздікке ұшырады. Бір топ журналист шет елдік инвесторлармен бірге қаладағы беткеұстар кәсіпорындардың жұмысымен танысуы керек-тін. Алайда, кейбір компаниялар тілшілерді табалдырығынан да аттатқан жоқ. Мысалы  «Еурокоптер Қазақстан инжинириг» компаниясының өндірісімен танысу мүмкін болмады. Бұған «тікұшаққа тапсырыс беретін қалталылардың өз таңдауын жалпақ жұртқа жариялағысы келмейтіні» себеп болған көрінеді. Афинаж зауытына да тілшілер кіргізілмеді. Ішке тек мемлекеттік арналар шақырылды. Әкімдіктің басқа арна өкілдерін неліктен жинағаны түсініксіз күйінде қалды.

М.БАҚЫТҚЫЗЫ