$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша 8 компания анықталды

AstanaTV
28.10.2015ж. 20:00
1375
«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша 8 компания анықталды

«Бәйтерек» ұлттық холдингінің «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша 8 компания іріктелді. Бұл жөнінде холдингтің басқарушы директоры Қаныш Төлеушин мәлімдеді. Кәсіпорындар арасында чемпиондарды анықтау Малайзия тәжірибесіне сүйене отырып жасалған. Бағдарламаға қатысу үшін 300-ден астам қазақстандық компания ниет білдірді.  Үздік сегіздікті «Бәйтерек» холдингінің сарапшылары мен  McKinsey&Company халықаралық консалтингтік компаниясы таңдаған. Енді бұл кәсіпорындар, экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға негізделмек.

Қаныш Төлеушин, «Бәйтерек» ҰБХ»  АҚ басқарушы директоры:

Іріктеу кезінде өсім қарқыны жоғары компанияларға басымдық берілді. 16 млрд. теңгені құрайтын сегіз компанияның қаржылық қолдауы мақұлданды. Бағдарламаға қатысушылар 3-5 жыл көлемінде Қазақстанда бұрғылау жабдықтары мен трансформаторлар және автобус құрастыру өндірісін іске қосады деген жоспар бар. Балалар тағамы, құрылыс материалдары мен майлы дақылдар өндірісі бойынша  кәсіпорындар салады деп күтілуде.

Л.ҚАЗИАҚПАРОВА