VI-Астана инвест форумы аясында құны 1,5 млрд АҚШ доллар болатын 37 меморандумға қол қойылды. Жалпы осы күнге дейін Астанаға барлығы 100 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл жөнінде Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. Халықаралық жиынға келген мыңға тарта делегат алдында Үкімет мүшелері Қазақстанды жан-жақты жарнамалап бақты. Тіпті еліміздегі ең үздік әкімдердің есімдері де аталды.
Бірінші вице-премьер бастап, Ұлттық банк төрағасы қостаған топ потенциалды инвесторлар алдында Қазақстандағы жайлы жағдайды жарыса жарнамалады. Заңға енгізілген жеңілдіктерді атап, Doing Business түзген рейтінгке тоқталды. Астанада әлемдік үлгідегі қаржы орталығының құрылатынын тілге тиек етті. Ондағы кәсіп иелері 50 жылға дейін салықтан босатылмақ. Дау-дамай туа қалса, халықаралық арбитражға жүгінеді. Қысқасы Астана қорықпай қаржы құятын қала десті. Тіпті ең мықты әкім де осы шаһарда екен
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
В этом зале присутствуют два лучших градоначальника нашей страны - аким Астаны Адильбек Джаксыбеков и бывший аким Алматы Ахметжан Есимов, который возглавляет «Астана ЭКСПО». Я думаю, что совместно они сделают нашу столицу привлекательнее, доступной и комфортной для проживания.
Давос форумының сарапшысы Ксавьер Сала-и-Мартин Қазақстанның инвестиция тартудағы ұрымтал тұстарына тоқталды. Инфрақұрылым, материалдық база өз алдына, идея мен адам капиталына баса мән беру қажеттігін қаперге салды. Әлемде сәтті бизнес идеялардың 75 пайызы қарапайым адамдарға тиесілі. Тек 8 пайызы ғана ғалымдар ашқан жаңалық. Ксавьер мырза ZARA, IKEA сияқты компаниялардың негізін қалаған сатушы мен студентті мысалға келтірді. Адамға идеяны іске асыруға мүмкіндік беру қажеттігін атады. Қала-мемлекет Сингапурден де бірнеше қонақ шақырылған. 30 жылда қарыштап дамып, әлемдік рейтингтердің ұшар басына шыққан Сингапур сабақ алуға тұрарлық. Шикізат тұрмақ,артық-ауыс жері де жоқ, қала-мемлекетте әлемдегі ең үздік «Мұнай өңдеу зауыты» жұмыс істейді. «Сингапур құпиясы» жайлы қонақтың өзі сөз қозғады.
Майкл Тэй, «APEC» компаниясының экс-атқарушы директоры, Малайзия
Сингапур қалайша жетістікке жетті? дегенге келсек,ол адамдардың еңбегі арқасында,олардың көшбасшылық қасиеті арқасында мүмкін болды.Мәселе инфрақұрылымда емес. Инфрқұрылым барлық қалада бірдей. Сондықтан адамға қаншалықты көңіл бөлесіздер, мамандарды қалай даярлайсыздар, сол маңызды деп ойлаймын.
Сингапурлық қонақ қаржы орталығына қатысты қызық кеңес айтты. Атақты Ли Куан Ю аға-министр болған тұста Синапурден озық тұрған Ганконг қаржы орталығына өзі барып, брокерлермен тілдескен. Сонда қаржыгерлер Синагурде кәдуілгі бас қосатын бардың өзі жоқ деп шағымданған екен.
Майкл Тэй, «APEC» компаниясының экс-атқарушы директоры, Малайзия
Ли Куан Ю ол кезде 80 жаста болатын, Сингапурге орала сала қаржы орталығы маңында барды қаптатып ашуға бұйрық берді. Онда сарапшылар мен қаржыгерлер жиналып орталықта бизнес құру туралы пікірлесетін.Сөйтіп,шынымен адамдар бізге тартыла бастады.
Форум модераторы америкалық атақты миллиардер Джим Роджерс Астанада міндетті түрде барға баратынын айтып қалды. Ол 2017 жылы ЭКСПО-көрмесіне 6 және 8 жасар екі баласын ерте келетінін де жасырмады. Ал 2018 жылы ЭКСПО павильоны қаржы орталығына айналған соң, өзі инвестор болуға ниетті. Жылда өтетін Астана экономикалық форумынан бөлініп, дербес «отау» тіккен Астана- инвестфорумы 3 күнге жалғасады. Еліміздегі компаниялар көрмеге қатысып, өз мүмкіндіктерін паш етіп жатыр. Оның ішінде «Смарт Сити» секілді жобалар да бар.
М. БАҚЫТҚЫЗЫ