$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Шығыс Қазақстандық дәрігерлер мектеп маңында фаст-фуд сатылымына қарсы

AstanaTV
29.10.2015ж. 20:00
Шығыс Қазақстандық дәрігерлер мектеп маңында фаст-фуд сатылымына қарсы

Шығыс Қазақстандық дәрігерлер мектеп маңында фаст-фуд сатылымына қарсы. Олар шәкірттер арасында ішек аурулары асқынып кеткенін алға тартып отыр. Өйткені балалардың көпшілігі ағзаға пайдалы әрі құнарлы ыстық тамақтан гөрі  тым майлы, қуаты жоғары тағамдарға әуестеніп кеткен. Мектеп асханасында кеспе, тәтті тоқаштар мен компот толып тұр. Бастауыш сынып оқушыларының түскі асына тіпті 10 грамм бал да  кіреді. Аспаз Гүлнәр Тайбұланова, ас мәзірін күнде өзгертіп, сұйық тамақ пен ботқаны көптеп әзірлеуге тырысамыз дейді. 

Гүлнәр Тайбұланова,  Мектеп аспазы:

Балалар әсіресе қант қосылған тоқаштар мен бәліштерді ұнатады.Осы тағамдарды дайындауды жөн көреміз

Үзіліс кезінде бастауыш сынып балғындары  бірден кеспе жеуге кіріссе, ересек балалар қолдарын тоқашқа созды. Алайда, мәзірді аса ұнатпайтындарын да айтып қалды.

-Я бы хотел включить блюда разных стран, чтобы разнообразить меню. Фрукты разные. Шоколадки, коктейли.

Аспаздар балалар қалаған тағамдарды дайындауға қарсы емес. Тек ата-аналардың қалтасы көтермей ме деп қорқады. Өйткені қазірдің өзінде айына бір баланың түскі асына  6-7 мың жұмсалып жатыр. Білім басқармасы өкілдері бұл сомманы да төлей алмай отырғандар баршылық дейді. Әсіресе бір отбасында 2-3 бала болса тіптен қиын.

Анна Кузьмицкая, «Өскемен қаласы әкімдігінің  білім басқармасы» ММ инспекторы:

Ас мәзірін  санитарлық талаптарға сай әзірлейміз. Түскі астың орташа бағасы 210-230 теңге аралығында.

Дәл осы ақшаға сырттан гамбургер, хот-дог немесе шаурма сатып алуға болады. Сондықтан оқушылар үзіліс кезінде осы тағамдарды  алуға тырысады екен. Дәрігерлерді  толғандыратыны осы.

Арман Сағындықов, "Өскемен СЭҚБ" ММ басшысының орынбасары:

Асхананың менюі деген болады. Соны жыл басында қараймыз. Қортындылаймыз. Ішіндегі азық-түліктер қайталанбасын деп.  Қаламызда 49 мектеп бар. Соның 43-де жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды. 6 мектеп қарамағында. БІрақ кімнің қарамағында болмаса да талап бір.

Аспаздарға ас мәзірін қайта қарап шығуға кеңес берілді. Бұл бағаға әсер ете ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Дәрігерлер болса, уақыт оздырмай балаларды диабет, артық салмақ секілді қауіпті аурулардан  аман алып қалудың  жолын іздеу  керек деп дабыл қағуда.

Л.ҚАЗИАҚПАРОВА