Қарағанды
облысының Қарқаралы ауданында полицейлер атқан оқтан жараланған ер адам ажал
құшты. Ақ халаттылардың айтуынша, оқ жігіттің бел тұсына терең еніп, ішкі
органдары мен ірі күре тамырларын зақымдаған. Бұл туралы аудандық аурухана
мамандары телефон арқылы айтты.
Талғат
Оспанов, Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ауруханасы директорының емдеу
істері бойынша орынбасары:
Көпбаев
Ерлан Асқарұлы, 87 жылғы, осында сағат 3-тің кезінде больницаға алып келді.
Огнестрельное ранениемен. Қатты поврежден сосуд, наверное, скорее всего. Содан
массивное кровотечение ашылып кетті, қан кетіп қалды. Науқас қайтыс болып
кетті. Жаңағы оқтың орнымен іздеп барғанда, үлкен гематома шықты.
Ал облыстық Ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйенсек, ішімдік ішіп алған 5
жігіт түн ортасында полиция көлігін тоқтатып, ішіндегі қызметкерлерді
балағаттаған. Біреуі полицейді жүргізуші куәлігінен айырғаны үшін кінәлаған.
Жанжалды тоқтатқысы келген сақшылар ескерту ретінде екі рет аспанға және жерге
оқ атқан. Алдын ала болжам бойынша, жерге атылған оқ бесеудің біреуіне тиген.
Аман қалған төртеуі қамалып, тергеуге алынды. Ал тәртіп сақшыларының оқ атуы
қаншалықты заңды екенін прокуратура тексермек.
Бақытжан
Құдияров, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және
ақпарат басқармасының басшысы:
Аталған
факт бойынша ҚР ҚК 380 бабы, бірінші тармағы, яғни билік өкілдеріне қарсылық
көрсету бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексерілудің бірыңғай тізіліміне
тіркелді. Прокуратура қызметкерлерімен
қару қолданудың заңдылығы тексерілуде. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық ІІД
өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен қызметтік тексеріс
жүргізілуде.
Айжан ҚУАШ