Қызылжарда
жануарларды қорғаушылар иттер мен мысықтардың заңсыз атылуына наразылықтарын
білдіріп жатыр. Былтыр облыстық мәслихат
қаңғыбас жануаларды ұстау мен оларды жою жөнінде ортақ ереже бекіткен болатын.
Бірақ бұл талаптарды елеп жатқан жан жоқ, - деп санайды еріктілер. Еріктілердің
айтуынша, хайуандарды ату шарасы тапа тал түсте, тіпті балалардың көзінше
жүргізіледі.
Ақпанның
бір күні Бензострой ауданында кәдімгідей қырғын болды. Айғай-шу, айнала қан.
Бұл күндіз болған нәрсе. Шамамен 11-12 кезінде.
Ветеринарлы
станция бұл сұмдыққа қатысымыз жоқ деп ақталады. Олар оқтың орнына, жануарды
бірден ұйықтататын дәрі қолданатындарын айтты. Ал хайуандарды күтетін арнайы
орын жоқ, - дейді. Қаңғыбас жануарлардың баспанасын салу үшін 70 миллион теңге
қажет екен. Әзірге жергілікті қазынада мұншама қаражат қарастырылмаған.
Сондай-ақ, аталған станция өкілдері тұрғындардың өтініші бойынша жұмыс
істейтіндерін жеткізді. Жыл басынан бастап 950 ит пен мысықтың көзі жойылған.
Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 6 миллион теңге бөлініпті.
Ибраим
Курпенов, «Петропавл қаласының
ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК директоры:
Жүгіріп
жүрген жануарды ұстау қиын. Оларды құрықпен де ұстауға болады. Бірақ ит адамды
тістеп алуы мүмкін. Сондықтан бізге пневматикалық қаруды қолдануға тура келеді.
Ішіндегі кішкентай найзалардың құрамында дитилин дейтін дәрі бар.
Абзал ҚҰРМАНКИН