×

Бейжің даулы аралдарға қатысты Гаага сотының шешімін мойындаудан бас тартты

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1311
Бейжің даулы аралдарға қатысты Гаага сотының шешімін мойындаудан бас тартты
Бейжің Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралдарға қатысты Гаага сотының шешімін мойындаудан бас тартты. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасарына сілтеме жасап Рейтерс хабарлайды. Аспан асты елі көрші мемлекеттердің Гаага сотына жіберген өзге де арыздарын елемеуге көшкен. Әңгіме ауқымды аралды иемденуден дәмелі Филиппин туралы. Маниланың мақсаты Қытайды Оңтүстік Қытай теңізіне деген құқықтан айыру,-дейді министрлік өкілі. Филиппиннен бөлек Бруней, Вьетнам, Малайзия елдері де Қытаймен соттасуда. Шиеліністі жағдай әсіресе, Спратли архипелагы төңірегінде туындады. Себебі, онда мұнай мен газдың мол қоры бар. Қытай осы аумақтарда 2014-ші жылдан бастап жасанды аралдар сала бастаған. Кейін мәселеге АҚШ араласты. {+СНХ}

Лю Чжэньминь, ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Филиппин соңғы 2-3 жылда Гаагадағы халықаралық арбитражды сотқа жүгінгенімен Қытайдың позияциясы өзгеріссіз қалды. Қытай бұл арбитражды сотқа қатыспайды және оны мойындамайды. Гаага соты құзыретін пайдаланып шешім шығарған. Алайда, бұл шешімде Қытай тарапының құқығы ескерілмегендіктен дұрыс емес деп санаймыз.

 Б.ХАСЕНОВ