×

Қазақстан мен Ресей энергетиктері электр құрылғылары мен кабельдік өнімдерді бірлесе отырып шығармақ

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1656
Қазақстан мен Ресей энергетиктері электр құрылғылары мен кабельдік өнімдерді бірлесе отырып шығармақ
Экономикалық шектеулер енгізіле қалса әрдайым қарсы тұра білетіндей дәрежеге қол жеткізуге тиіспіз. Алтыншы инвестициялық форум алаңында қазақстандық энергетикалық компанияның өкілі Борис Парсегов осындай пікір білдірді.  Санкциялар энергия нарығына ықпал ететін болса, экономиканың маңызды салалары тұралап қалуы мүмкін,-дейді ол. Осы ретте сыртқы нарыққа тәуелділікті жоюдың маңызы зор. Қазақстан мен Ресей «КазТатЭнерго» бірлескен кәсіпорнын ашуды көздейді. Ол «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жұмыс істемек.Келісім-шартқа форум аясында қол қойылды. Жоба құны үш миллиард теңге. Маманның сөзінше, электр құрылғылары мен кабель өнімдері негізінен Орта Азия елдеріне экспортталмақ. «Ал отандық өнімнің бағасы «бәсекелестерден» әлдеқайда төмен болады» - дейді Парсегов.   +СНХ}

Борис Парсегов, Қазақстандық энергетикалық компания өкілі:

Отандық электр энергетикасы саласын дамыту маңызды. Мәселен Ресей сыртқы нарыққа тәуелді емес. Олардың өз кәсіпорындары бар. Қазақстан да бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Осы орайда Ресеймен бірлескен энергетикалық кәсіпорын ашу көзделуде. Жұмыс елу де елу, яғни тең дәрежеде жасалады. Туындаған проблемаларды да бірге шешпекпіз.

 Ж.БАМАН