$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Астанада өнер фестивалі өтті

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1796
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Астанада өнер фестивалі өтті
Астанада шетелдерде тұратын отандастарымыздың қатысуымен өнер фестивалі өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы шараға 21 мемлекеттен 80-нен астам қандасымыз келді. Арасында зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілген фестиваль аясында жазба ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы мен суретшілер көрмесі өтті. Шараға жиналғандар қазақтың тілі мен салт-дәстүрін дәріптеп, ұлттық өнерімізді ұлықтады. Халықаралық өнер фестивалінің негізгі мақсаты - әлемнің әр түкпірінде жүрген қандастарды табыстыру. Көнеден жеткен бай тілімізді насихаттап, ұлт мәдениетінің керегесін кеңейту болып табылады.НХ}

Ербол Нұрғалиев, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары:

Фестиваль жалпы Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Енді әр өлеңнің жолынан, әр көрмеде қойылған суреттен біз өнер адамдарының атамекенге деген ыстық сезімін, сағынышын байқаймыз. Жалпы бұл фестивалді біз жылдан жылға қолдай береміз. Көлемін ұлғайтамыз деген де біраз ойлар бар.

 Ж.БАМАН