$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шарм Эль-Шейхінен ұшып шығып, Санкт-Петербургке бет алған «Когалымавиа» компаниясына қарасты Airbus-321 ұшағы Синай түбінде апатқа ұшырады

AstanaTV
31.10.2015ж. 20:30
1232
Шарм Эль-Шейхінен ұшып шығып, Санкт-Петербургке бет алған «Когалымавиа» компаниясына қарасты Airbus-321 ұшағы Синай түбінде апатқа ұшырады

Бүгін таңертең Египеттің Шарм Эль-Шейхінен ұшып шығып, Санкт-Петербургке бет алған «Когалымавиа» компаниясына қарасты Airbus-321 ұшағы Кипр аумағында жоғалып кетті. Ақпарат агенттіктері әуелі осындай хабар таратты. 9268 рейс радар экрандарынан әуеге көтерілген соң  23 минуттан соң жоғалған. Египет әскери авиациясы ұшақты іздеп шыққан. Мысырлық БАҚ-ң хабарлауынша, лайнердің сынықтары СИНАЙ түбегіндегі Әл Ариш қаласы әуежайының маңынан табылған. -Египеттің Премьер-министрі ұшақтың апатқа ұшырағанын растады- деді Agence France-Presse. Ұшақ бортында экипажды қосқанда 224 жолаушы болған. Ұшақтығылардың барлығы ресейліктер көрінеді...

 Шарм Эль-Шейхте іссапарда жүрген «Астана» арнасының журналисі Илхам Ибрагим, байланысқа шығып, апаттың болғанын растады.