$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Олар әрқашан бір қадам алда

AstanaTV
31.10.2015ж. 20:30
1122
Олар әрқашан бір қадам алда

Toyota автоконцерні осы аптада жұртшылықты сутегімен жұмыс істейтінтағы бір көлікпен - FCV Plus концепт-кар-мен таныстырды. 

Машина қолданбаған электрімен бөлісе алады- деп хабарлады, РИА Новости. Презентация 44-і рет ұйымдастырылған Tokyo Motor Show автосалонында өтті. 

Компания өкілінің түсіндіргені – бұл дөңгелектерге орнатылған электрстанция немесе батарея іспетті. Автомобиль энергияны артығымен өндіреді және оны тұрғын үй немесе ауданның энергожүйесіне «бере» алады. Автокөлік ретінде қолдану уақыты біткесін, үйге арналған генератор түрінде пайдалануға болады. Toyota былтыр әлем бойынша тұңғыш рет сутегімен жұмыс істейтін Mirai – «болашақ» деп аударылатын машинаны шығарған етін. Сутегі қозғалтқышы сутегі мен оттегінің қосылуынан пайда болатын энергияның арқасында жұмыс істейді. Бұл енді технологиялар эволюциясы! 

 Айтпақшы жапондар сол, РИА Новости-ң хабарлауынша, адамды тұмаудан бір күнде жазып шығаратын дәрі ойлап тапқан. Грипптің вирусын көбейтетін ферменттерге тосқауыл қойып, өлтіріп жібереді екен. Дәрі Жапонияда клиникалық сынақтан өткен, тиімділігін көрсеткен. Бірақ тиімділігі мен қауіпсіздігі түпкілікті дәлелденіп, лицензия алу үшін уақыт керек. Сатылымға 2018 жылы түсетін сияқты... Рас, түріміз ұқсайды, кейде тіпті аумайды-ау, аумайды. Бірақ түріміз ғана. Онда неге оларды іргелі әріптес етпеске?!.  

Ж.СЛАМБЕК