Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астана қалалық Қаржы бақылау инспекциясы 25 миллиард теңгенің игерілмегенін анықтады

AstanaTV
02.11.2015ж. 20:00
1079
Астана қалалық Қаржы бақылау инспекциясы 25 миллиард теңгенің игерілмегенін анықтады

Соңғы үш айда мемлекеттік органдарда 25 миллиард теңге сомасында заң бұзушылықтар анықталған. Арнайы жүргізілген тексеру осыны көрсетті. Мұндай деректі Астана қалалық Қаржы бақылау инспекциясы келтіріп отыр. Қаржының тиімді игерілмеуі мемлекеттік сатып алу байқауларын өткізу, бюджетті нақтылау кезінде орын алған. Анықталған олқылықтар бойынша 92 лауазымды тұлға әкімшілік жазаға тартылып, 20 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бүгінде оның 90 пайызы, яғни 18,3 миллион теңгесі бюджетке қайтарылған. Бірінші жартыжылдықтың қортындысымен салыстырғанда соңғы үш айда әкімшілік жауапқа тартылған тұлғалар саны 2,7 есеге өскен. Астана қалалық қаржы бақылау инспекциясы соңғы 9 айда 253 бақылау жүргізген. Оның ішінде 205 бақылау нысаны тексерумен қамтылды. Анықталған бұзушылықтың жалпы сомасы 50 миллиард теңгеден асқан.

Тұрымтай Жақсыбаева, Астана қалалық Қаржы бақылау инспекциясының  бөлім басшысы:

Анықталған бұзушылықтардан соң 9,6 миллиард теңге қазынаға қайтарылды. Бақылау нысандарында 272 адам тәртіптік жауапкершілікке  тартылды.Заң бұзушылықтар негізінен мемлекеттік сатып алуларда және  бухгалтерлік есептерде анықталды.

Ж.БАМАН