Алматы маңында қар көшкіні жүріп
жатыр. Бұл жағдай алдағы бірер күн бойы
жалғасады.
Өйткені, бүгін де аймақта толассыз қар
жауады деген болжам бар. Демалыс күндері бірнеше рет қар көшкіні жүрді. 14 мың текше метр қар көшкен.
Осыған байланысты қала тұрғындары,
қонақтар мен туристер таулы аймақтарға сапар шегуді кейінге қалдыра тұрғаны
жөн. Мамандар сондай-ақ, тиісті қауіпсіздік
шараларын сақтауды сұрайды. Қар көшкіні қаупін тудыратын биік қар басқан
шатқалдарға шығуға тиым салынады.
Илхам ИБРАГИМ