Оңтүстік Африка Республикасының экс-президенті Нельсон
Манделаның өсиетнамасы бүгін жарияланады. Бұл жөнінде «Франс
Пресс» агенттігі елдегі конституциялық сот төрағасының орынбасары
Дикганг Мосенекеге сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Манделаның мүлкіне иелік ету құқығы
бар азаматтар жиналып, олардың алдында өсиетнама оқылады. Мосенеке сондай-ақ, құжаттың қысқаша мазмұны жалпақ елге жарияланатыны жөнінде айтты.
Нельсон Мандела 5 желтоқсанда
Йоханнесбургтегі үйінде көз жұмды. 95 жастағы
қайраткер қана нәсілділер арасынан шыққан елдің тұңғыш президенті. Өмірінің 27
жылын түрмеде өткізген ол 1993 жылы Нобель сыйлығын алды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА