$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бір айдың ішінде Өскеменде 20 автокөлік отқа оранған

AstanaTV
05.02.2014ж. 20:00
1842
Бір айдың ішінде Өскеменде 20 автокөлік отқа оранған

Шығыс Қазақстанда көліктердің өртке орану фактілері жиілеп кетті. Бұл 40 градустық аязда транспортты электр қондырғылармен жылытпақ болған жүргізушілердің салғырттығынан болып отыр. Небәрі бір айдың ішінде Өскеменде 20 автокөлік отқа оранған.

Мына КАМАЗ жүк көлігі қаладан шыға берісте өртке оранған. Жүргізуші дер кезінде кабинадан шығып үлгеріп, аман қалды. Мамандардың айтуынша, тілсіз жау қозғалтқышқа жабылған киіздің тұтануынан шыққан. Бірнеше минут ішінде жүк көлігінің түгі қалмай жанып кетті. Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына жеткенше КАМАЗ-дың қаңқасы ғана қалған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің ойынша, отты дер кезінде сөндіріп үлгірсе, көлікті сақтап қалуға болады. Тек жүргізушілердің көбі өздерімен өрт сөндіру құралдарын алып жүрмейтін көрінеді.


Марина Лискова, Өскемен қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:


Аяз кезінде жүргізушілер түрлі жылыту бұйымдарын қолданып, қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Көліктердің өртенуіне осы жағдай себеп болып жатады. Сондықтан көлікті қыздырмас үшін, түнде жылы жерге қойған жөн.


Қанат ОРАЛБЕК