$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Қазақстан мұнайы мен газын Үндістанға жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр

AstanaTV
30.09.2015ж. 20:00
1666
Қазақстан мұнайы мен газын Үндістанға жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр

Қазақстан мұнайы мен газын Үндістанға жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Сонымен қатар болашақта біз Үнді түбегіне Ресейдің де мұнайы мен газын да транзит арқылы жеткізе аламыз. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қайыргелді Қабылдин «Kazenergy» Еуразиялық форумында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл стратегиялық қажеттілік. Өйткені қазірдің өзінде Тынық мұхитының аймағы әлемде шығарылатын энергетикалық қордың 33 пайызын тұтынып отыр. Ал Қазақстан Ресей мен Каспийдің көмірсутек шиказатын Азия-Тынық мұхиты аймағына тасымалдауда маңызды бағыт ретінде қала береді, - деді Қайыргелді Қабылдин.

Қайыргелді Қабылдин, «Қазтрансойл» АҚ бас директоры:

Қазір екі үлкен сатып алушы бар - Қытай мен Үндістан. Олар біз үшін қол созым жерде тұр. Қытайға жеттік, енді болашағы бар бағыт Үндістан болып тұр. Ара қашықтық бар болғаны 2,5 мың шақырым. Мұны шешуге болады. Үндістан даму жолында стратегиялық қажеттілік. Бұл бағыт өміршеңді болады деп сенемін. Бүгінде Үндістанның мұнай мен газды тұтуны көрсеткіші жылына 3 пайызға, ал Қытайда 1,6 пайызға өседі деген  болжам бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ