$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Екі апталық үзілістен соң Астана мектептері қалыпты жұмыс тәртібіне көшті

AstanaTV
06.02.2014ж. 13:00
993
Екі апталық үзілістен соң Астана мектептері қалыпты жұмыс тәртібіне көшті

Бүгін Астана мектептері екі апталық демалыстан соң алғаш рет қалыпты жұмыс тәртібіне көшті. Бейсенбіде барлық оқушылар мәжбүрлі демалыстан шығып, сабаққа барды.

Елорданы жарты айға жуық уақыт құрсаулаған аяздың беті қайтып, ауа температурасы -22 градус шамасында болды. Бірақ синоптиктер қуануға әлі ерте деп отыр. Бірнеше күннен кейін сары аяз қайта күшейеді.

Илхам ИБРАГИМ