$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қайрат Келімбетов: Ресей рублі құлдырауы мүмкін

AstanaTV
06.02.2014ж. 13:00
1195
Қайрат Келімбетов: Ресей рублі құлдырауы мүмкін

Еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов Ресей рублінің құлдырайтынын айтты. Мұндай болжамын Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Женевада жариялады.

Graduate Institute-тегі дипломаттар мен академиктер алдында сөз алған төраға Ресей ақшасының күйреуі жақын екенін жасырмады. Ал бүгін бас банкир шетелдегі орталық банк басшыларымен кездеседі.

Қайрат
Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Дамушы елдердегі жаппай актив сатылымы, сәйкесінше, аталмыш мемлекеттер валютасының құлдырауы - бұл тек бастама ғана. Осы жылы біз жаппай девальвацияға куә боламыз. Ресей экономикасындағы проблемалар дамушы елдердің бәріне әсерін тигізеді. Мұнай бағасының арзандауы мен Ресей рублінің құлдырауы Қазақстанды да есеңгіретті.

Әлия ӘШІМ