$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Павлодар облысы: Виктор Бахаревке қатысты сот ісі жалғасуда

AstanaTV
06.02.2014ж. 13:00
1227
Павлодар облысы: Виктор Бахаревке қатысты сот ісі жалғасуда

Оқушы қызды азаптап өлтірді деп айыпталған Виктор Бахаревке қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Айыпталушының қалауы бойынша, сотқа алқа билері қатысуда. Алайда, отырыс жабық түрде өтті.

Қылмыстық кодексте «кәмелетке толмағандарға қатысты сот істерін» жабық түрде өткізуге болатыны қарастырылған. Осыны ескерген судья БАҚ өкілдерін қатыстырмау жайлы шешім қабылдаған сыңайлы.

Еске салайық, өткен жылдың күзінде із-түссіз жоғалып кеткен Анастасия Шарипованың өлі денесі екі аптадан кейін үйінің маңынан, көмілген күйде табылған болатын. Шұғыл іздестіру шарасы барысында полицейлер Ақсу қаласы Евгеньевка елді мекенінің тұрғынын ұстады. 20 жасар Виктор Бахарев кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Тіпті, жеткіншекті қалай өлтіргенін бүге-шүгесіне дейін айтып берген бейнетаспа да бар.

Ержан Қалкен, Павлодар облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы:

Сотталушының айыпталу бабы бойынша, оған жаза - 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған немесе өмір бақи қамауда болады деген жаза қарастырылған.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ