$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Бүгін Сочиде олимпиада алауы тұтанады

AstanaTV
07.02.2014ж. 10:00
1048
Бүгін Сочиде олимпиада алауы тұтанады

Бүгін Сочидегі қысқы олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бір мезетте 3 мыңға тарта әртіс қатысатын шара Ресей уақытымен тура 20 сағат 14 минутта бастауын алмақ. Сөйтіп, Сочиде олимпиада алауы тұтанады. Дүбірлі додаға әлемнің 85 елінен 3 мыңға тарта спортшы қатысады.

Ал Қазақстан намысын спорттың 10 түрі бойынша 52 спортшы қорғайды. Ақ олимпиаданы ұйымдастыруға Ресей бас-аяғы - 51 млрд доллар қаржы жұмсаған. Осылайша, ең қымбат олимпиада ретінде тарихта қалатын түрі бар. Өйткені, шығын көлемі Ванкуверде жұмсалған қаржыдан шамамен он есеге артық.

Қымбат олимпиаданы тамашалуға мемлекет басшылары бүгін келіп жатыр. Әзірге 8 елдің президенті табан тіреді. Бас-аяғы 60 елдің жетекшісі келеді деп күтілуде. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Илхам ИБРАГИМ