$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Чемпионның басындағы пәтер дауы ушығып барады

AstanaTV
06.02.2014ж. 20:00
1114
Чемпионның басындағы пәтер дауы ушығып барады

Чемпионның басындағы пәтер дауы ушығып барады. Енді Бақыт Сәрсекбаев ағасы әрі бапкері Кәрім Махмұтовқа берген баспанаға өзі кіріп алып, шықпай отырған көрінеді. Ал үш бөлмелі пәтерді бапкерден сатып алған азамат чемпионды шығарып жіберіп, мүлікке тыйым салуды соттан сұрап отыр. 


Поздравляю с квартирой. Теперь вы, наверное, переедете в Астану.


Соттың бұл жолғы отырысына чемпионның өзі келмегенімен, біраз жайттың беті ашылды. Анық болғандай, Бақыт Сәрсекбаев пәтерді ағасына сыйлаған сәттен, яғни 2009 жылдан бастап, мұнда бөтен әйел тұрған. Үш жыл бойы көк тиын төлемей өмір сүрген әйел бапкер Кәрім Махмұтовтың танысымын дейді. Алайда бұл пәтерге Кәрім Махмұтов 2009 жылы Өзбекстандағы отбасын көшіріп әкелмек болыпты. 


-Вы просто так пришли в квартиру и жили, да? -Да, на этот момент мне было некуда идти. -А вы платили за проживание?  -Нет, только коммунальные.


Алайда 2012 жылдың наурызында пәтер кілтін қайтып алған Бақыт Сәрсекбаев осы күнге дейін сол баспанада тұрып келеді. Тек осы күндері оның ағасы әрі бапкері Кәрім Махмұтов баспананы чемпионға бірауыз ескертпей сыртынан сатып жіберген. 260 мың доллар, яғни 41 миллион теңге тұратын пәтерді сатып алған қарапайым жүргізуші. Бұған боксердің сенімді өкілі күмәнмен қарайды. Енді бұл іске қаржы полициясының араласуын сұрап отыр. 


Галина Ячменова, Бақыт Сәрсекбаевтың сенімді өкілі:


Заң бойынша жеті миллион теңге көлемінен асатын кез келген келісімшарт қаржы полициясының назарында болуы керек. Қарапайым жүргізуші мұндай ақшаны таба алмайды, тіпті Сәрсенов қаржының қайдан келгенін түсіндіріп бере алмады. Екі баласы бар, жары жұмыс істемейді. Қайдан алады мұнша қаржыны? Бұл ақша тіпті бапкерге берілді ме, ол да белгісіз. 

Әлия ӘШІМ