$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі "Мирас" қоғамдық кеңесі өз отырысын өткізді

AstanaTV
06.02.2014ж. 20:00
2360
Мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі "Мирас" қоғамдық кеңесі өз отырысын өткізді

Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді саралау жалғасуда. Бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі "Мирас" қоғамдық кеңесі өз отырысын өткізді.  "Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ". Осындай атаумен Қазақстан халқына жол тартқан құжатта көрсетілген "Мәңгілік ел" бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ қоғамдық кеңестің жоспары сөз болды. Басқосуға Мәжіліс депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов та өз ойымен бөлісті. Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, тиісті мемлекеттік мекемелерге жіберіледі.


Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:


Ұзақ та күрделі, бірақ мақсат-мұраты заңғар осынау ұлы көште келе жатқан еліміз үшін Елбасы Жолдауы сөзсіз тарихи мәнге ие. Ендеше кеңес мүшелерінің алдында өз ойларымен бөлісіп, бабалар аңсаған "Мәңгілік ел" құру, тұғыры таймас Тәуелсіздікті орнату идеясына өздерінің беделін, білімін, тәжірибесін пайдалана отырып, үлес қосу міндеті тұр.


Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы:


Мәңгілік ел бұл мәңгілікке арсыдан арсыға кететін сонау нешеме ғасырлардан келе жатқан бабаларымыздың асқақ арманын орындау мақсатындағы қойылған Елбасының саясаты деп ойлаймын. Біз бұған жету үшін, әрине, іске көшуіміз керек.


Сымбат МОЛДАТАЙ