$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Казкоммерц» пен БТА банкі қосылады

AstanaTV
07.02.2014ж. 10:00
917
«Казкоммерц» пен БТА банкі қосылады

«Казкоммерц» пен БТА банкі қосылады. Кәсіпкер Кеңес Рақышев «Самұрық-Қазына» қорынан БТА банкінің акцияларын сатып алу туралы келісімдерді аяқтады.

Енді екі банктің бірігу процедуралары жүрмек. «Казкоммерцбанк» сатып алатын БТА банкінің 46,5% акциясы шамамен, 72 миллиард теңгеден асса, 100% акциясы 1 миллиард долларға тең. «Казкоммерцбанк» әзірше сатып алатын акцияларының тек жарты ақшасын төлейді. Ал, қалған соммасын 2017 жылдың 1-шілдесіне дейін төлеуі тиіс.

Сондай-ақ, хабарламада «Самұрық-Қазына» БТА банкінің қалған 4,26% акциясын «Казкоммерцбанкке» өткізетіндігі жазылған. Сол арқылы «Самұрық-Қазына» «Казкоммерцбанк»-тің акционері атанбақ.

Досжан ҚАЛИЕВ