$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Шымкенттегі газ тапшылығы мәселесін шешуге Түркіменстан көмектеспек

AstanaTV
07.02.2014ж. 10:00
845
Шымкенттегі газ тапшылығы мәселесін шешуге Түркіменстан көмектеспек

Түркіменстан Шымкенттегі көгілдір отын тапшылығын шешуге көмектесетін болды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан Өндірістік филиалының Бас инженері Серікхан Байзақовтың айтуынша, Түркіменстаннан «Росмұнайгаз» құбыры арқылы газ жеткізіледі.

Еске сала кетейік, Өзбекстан оңтүстік өңірлерге беретін газ мөлшерін беруді шектеп тастаған болатын. Соңғы екі тәуліктен бері тиесілі 420 мың текше метр газдың орнына облыс сағатына бар болғаны 120 мың текше метр көгілдір отынды қанағат тұтып отыр. Мұның салдарынан Шымкентте көгілдір отынның қысымы азайып кеткен. Қазір қаладағы ірі кәсіпорындар көгілдір отыннан ажыратылып отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ