$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева финалда

AstanaTV
07.02.2014ж. 13:00
821
Қазақстандық спортшы Юлия Галышева финалда

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Сочидегі Олимпиадада алғашқылардың бірі болып оң нәтиже көрсетті. Ол фристайлдың ылдидан қарғып тебу түрінен 21,17 ұпайға ие болды. Қазылар алқасы қазақстандық спортшыны алтыншы орынға жайғастырған.

Алайда, Юлияның өзі өнеріне 10-нан 7 ұпай беріп отыр. Енді ойын тәртібі бойынша алғашқы ондық финалға жолдама алды. Тізімге енбей қалған спортшылар үшін қосымша квалификация жүргізіледі.

Сондықтан, 28-ші орынға табан тіреген біздің екінші фристайлшы қыз Дарья Рыбалованың финалға әлі де үміті бар. Бұл іріктеу ертеңге жоспарланған. Сонымен қатар, фристайлшылар медальдарды өзара бөліске салмақ.

Әлия ӘШІМ