Батыс Қазақстанда танымал кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірді деген күдікпен 4 азамат қолға түсті. Оларды Зеленов
ауданының полицейлері құрықтады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі
жасырын дерекккөзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Еске салайық, кәсіпкер Виталий
Каркуланы қаңтардың 13-іне қараған түні белгісіз біреулер атып өлтірген еді.
Түн ішінде үйге басып кірген қарақшылар, оның әйелі Валентина Каркуланы да
аямаған. Ес-түссіз халде ауруханаға түскен
әйел ажал аузынан қалды. Ал ішкі істер органдары осы оқиғаға байланысты
ақпарат берген адамдарға ірі көлемде сыйақы берілетінін жариялаған.
Еркін ҚАРИН