$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АҚШ Иранның мемлекеттік телерадиостансасына қатысты санкцияны алып тастады

AstanaTV
07.02.2014ж. 13:00
1264
АҚШ Иранның мемлекеттік телерадиостансасына қатысты санкцияны алып тастады

Иран елі қайтадан шетелдік арналарды көре алады! АҚШ үкіметі Иранның IRIB телерадиокомпаниясына енгізген санкциясын уақытша алып тастады. Бұл туралы сенімді дереккөздеріне сілтеме жасай отырып шетел басылымдары жазуда.

Бір жыл бұрын енгізілген санкцияға байланысты қолжетімсіз болған арналар қазір іске қосылды. Алайда Ақ үй мұны уақытша деп отыр. Және санкцияны доғару Иран мен алтылық арасындағы келісім кезінде сөз болған жоқ деп ақталады. Ақ үй арна қызметіне тыйым салар кезде, ирандықтар шетел ақпараттарны бұрмалап береді деп айыптаған.

Ал қазір Иранға қарсы енгізілген санкция талаптарын бұзған елдердің қара тізімі кеңейтіліп жатыр. Бұл тізімге Швейцария, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия мен Лихтейнштейн кірген.

Әлия ӘШІМ