$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада пәтер бағасы инфляция деңгейінен асып кеткен

AstanaTV
07.02.2014ж. 13:00
1155
Астанада пәтер бағасы инфляция деңгейінен асып кеткен

Астанадағы пәтер бағасы инфляция деңгейінен асып барады. Қаңтарда баспана құнының орташа деңгейі - шаршы метріне 2 123 долларды құраған. Бұл, шамамен 327 мың 900 теңге, деп хабарлайды Forbes.kz.

Өткен айға қарағанда, әрбір шаршы метр - 23 долларға немесе 1,1%-ға қымбаттаған. Қаладағы ең қымбат тұрғын үй кешендерінде баға орташа есеппен шаршы метріне 3500-5500 АҚШ доллары арасында.

Айта өтейік, Статистика агенттігінің деректері бойынша Астанада орташа жалақы 156 814 теңге. Демек, 30 шаршы метрлік эконом санатындағы пәтерді алу үшін 7 жыл 4 ай бойы қаржы жинау қажет.

Ал, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласының қызметкерлері элиталы пәтерге қол жеткізу үшін 26 жыл 7 ай бойы ақша жинайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА