Алматыда «Азат» сауда үйін өртеді
деген күдікпен бір адам ұсталған. Бұл туралы
қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабар таратты.
Күдіктінің аталған сауда үйінен жалға
орын алғаны белгілі болды. Мамандар өрттің сауда орталығының екінші қабатынан шыққанын анықтаған.
Олардың ақпаратына сенсек, күдікті өрт
басталмай тұрып, сауда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіпті. Қызыл жалын ауыздықталып, толықтай сөндірілгеннен кейін,
оның сауда орнынан көмірсутек пен жылдам тұтанатын сұйықтықтың концентрациясы
табылған. Бұл заттардың барлығы айғақ зат ретінде алынды.
Қазір тергеу амалдары
жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Қасақана
от қою» бабы бойынша іс қозғалды. Оның кінәсі дәлелденсе, ол бес
жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Досжан ҚАЛИЕВ
)