$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда девальвацияға байланысты қымбаттауды бақылайтын арнайы комиссиялар құрылды

AstanaTV
12.02.2014ж. 10:00
957
Павлодарда девальвацияға байланысты қымбаттауды бақылайтын арнайы комиссиялар құрылды

Валюта нарығында алыпсатарлыққа жол бермеу, азық-түлік бағасын бақылап, бірінші кезектегі тауарлар мен жанар-жағармай құнын назарда ұстау. Бұл - АҚШ доллары курсының көтерілуіне байланысты негізсіз қымбаттауды болдырмау үшін Павлодарда жасақталған арнайы жұмыс топтарының алған бағыты.

Оған облыс әкімінің орынбасарлары төрағалық ететін болады. Бірден іске кіріскен жұмыс тобы шетел валютасының өсуін пайдаланғандарды анықтап, тұрақтылықты сақтаудың жолдарын іздеуде. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, барлық бағыт бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр. Шағын және орта бизнестің келісімшартар мерзімі тексеріледі. Сөйтіп, негізсіз қымбаттаудың жолы кесілмек. Талап - қалалар мен аудандарға да ортақ. Жағдайдың тұрақты болуына тікелей әкімдер жауап береді. Егер қандай да бір алыпсатарлық дәйегі әшкереленсе, бұған жол бергендер қатаң жазаланатын болады.

Асқар Жалдинов, Павлодар облысы әкімінің баспасөз-хатшысы:

Азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сататын барлық сатушылармен және бөлшек сауда кәсіпорындарымен меморандумдарға отырып, меморандумның орындауды қатаң бақылауда ұстайтын болады. Сонымен қатар, ірі сауда кәсіпорындарымен меморандум жасап, бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жасайды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ