$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Солтүстік Қазақстанда үш бала қарға тұншығып өлді

AstanaTV
17.02.2014ж. 10:00
1489
Солтүстік Қазақстанда үш бала қарға тұншығып өлді

Солтүстік Қазақстанда 3 бала қар астында қалып, бақилық болды. Оқыс оқиға демалыс күндері Ғабит Мүсірепов ауданында болды.

Түс ауа Есіл өзенінің жағасында сырғанауға кеткен 16 және екі 12 жасар мектеп оқушылары қайтып оралмайды. Қараңғы түскесін қара домалақтарын уайымдаған ата-аналары көршілерді жинап, іздеуге шығады. Біршама уақыттан соң елді мекеннен 2 шақырым жерде жар түбінде балалардың мүрделері табылды. Әзірге мәйіттерге медициналық сараптама жүргізілуде.

Алдын ала болжам бойынша, жардағы қапталып қалған қар бүлдіршіндердің үстіне құлап, олар үлкен салмаққа шыдас бермей астында тұншығып қалған.

Евгений
Журавлёв, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Төтенше жағдай ақпанның 15-күні Ставрополка ауылының маңында болған. Балаларын бірнеше сағат іздеген ата-аналары оларды тек сағат түнгі 12-лер шамасында ғана тапқан. Ал төтенше жағдай бөліміне кейін ғана мәлімдеген. Бұндай кезде бірден хабарласқан жөн. Жалпы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда төтенше жағдайдың салдарынан 5 бала көз жұмды.

Абзал ҚҰРМАНКИН