$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Альянс-Банкі» дефолт деңгейіне жетуге жақын

AstanaTV
12.02.2014ж. 13:00
728
«Альянс-Банкі» дефолт деңгейіне жетуге жақын

«Альянс-Банк»-ке дефолт қаупі төнді! Standard&Poor’s халықаралық агенттігі банктің несиелік рейтингін «D», яғни дефолт деңгейіне дейін түсіріп тастады. Бұл туралы «Капитал.кз» порталы жазды.

Халықаралық агенттіктің топшылауынша, «Альянс-Банк» құнды қағаз иелеріне төленетін тиісті төлемдерді кешеуілдетіп отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында берілуі тиіс төлемдер осы күнге дейін берілмеген. Ал алдағы 25 наурызда міндетті төлемдерді таратудың келесі кезеңі басталды. Халықаралық агенттіктер банктің төлем жасауға қауқары жетпейтіндігін айтуда. Алайда, Альянс-банктың директорлар кеңесі мекеменің құрылымын жазға дейін қайта өзгертуді қолға алыпты. Агенттік осының өзін дефолттың айқын бейнесі, дейді.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов аталмыш банк акциясының 16%-зын сатып алған. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» қоры 51% пакет акциясына бақылауын сақтап қалды.

Әлия ӘШІМ





:}