$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-та қарлы дауылдар жаңа толқынының астында 16 штат қалады деп болжануда

AstanaTV
12.02.2014ж. 13:00
1759
АҚШ-та қарлы дауылдар жаңа толқынының астында 16 штат қалады деп болжануда

Ауа райының қолайсыздығы АҚШ-тың қалтасын қағып келеді, аяз бен қалың жауған қар қазірдің өзінде бюджетке 3,5 миллиард доллар шығын келтірді. Қалың жауған қар салдарынан қаза тапқандар саны да еселеп артуда. Соңғы тәулікте жолды қардан тазалау кезінде, көліктер соғысып, төрт адам бірден көз жұмды.

Ауа райының тосын мінезі салдарынан қазір елдің сегіз штаты бірден төтенше жағдай жариялады. Олар - Вирджиния, Мэриленд, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Джорджия, Алабама, Миссисипи және Луизиана штаттары. Ұлттық метеорологиялық бюроның хабарлауынша, алдағы бірнеше тәулікте 16 штатта қалың қар жауады. Ол - 90 миллион халық қоныстанған елдің оңтүстік және солтүстік-шығыс аймағындағы штаттар.

Кеше елдің екі ірі әуежайы - Delta мен Southwest airlines компаниялары жұмысын тоқтатты, сөйтіп, бүгін көкке көтерілуі тиіс 2 мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді.

Сымбат МОЛДАТАЙ