$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Халықаралық бағыттарда ұшу құны 10%-ға көтерілді

AstanaTV
13.02.2014ж. 13:00
865
Халықаралық бағыттарда ұшу құны 10%-ға көтерілді

Ұшаққа билет құны 7-10%-ға қымбаттайды. Бұл туралы «Эйр Астана» әуе компаниясының вице-президенті Ербол Оспанов бүгін мәлімдеді.

Әзірге қымбатшылық шет елдік рейстерді шарпыды. Ал, ел аумағында ұшып-қону бағасы өзгермейді.

Айта кетері, Мәскеу мен Стамбулға билет құны бұрынғыша сақталады. Дегенмен, компанияның ресми сайтында билет құны доллар бағамын есепке алып автоматты түрде ауысып кеткен. Бір екі-күнде бағалар кестесі толық реттеледі, деп мәлімдеді Ербол Оспанов.

Ербол
Оспанов, «Аir Аstana» компаниясының вице-президенті:

Қазір компания табысының 70% теңгемен түскенмен, шығын көлемінің 65% доллармен жүргізіледі. Шетелден сатып алынатын ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін сатып алу да басқа валютамен іске асады. Бұл, билет құнына қайтсе де әсер етпей қоймайды.

Ал, «Жолаушылар тасымалы» серіктестігі темір жол билеттерінің бағасы қымбатшылыққа ұшырамайды деп сендірді. Басшылық, Қазақстандағы ішкі тарифтер Ресей мен салыстырғанда 3,5 есеге, ал Украинамен салыстырғанда, екі есеге арзан деп екенін атап өтті.

Сымбат МОЛДАТАЙ