$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Премьер-министр тауар бағасының қымбаттап кетпеуін қадағалауды қолға алды

AstanaTV
12.02.2014ж. 20:00
1102
Премьер-министр тауар бағасының қымбаттап кетпеуін қадағалауды қолға алды

Премьер-министр Серік Ахметов елдегі тауар бағасының қымбаттап кетпеуін қадағалауды қолға алды. Үкімет басшысы Астанадағы ақша айырбастау пункттерін, сауда орындары мен жанар-жағармай бекеттерін аралап шықты. Халық көп баратын сауда орталықтарында болған Серік Ахметов сөредегі тауар құнымен танысты.

Үкімет басшысы мемлекеттік орган басшыларына күн сайын нарықтағы бағаға мониторинг жүргізуді тапсырды. Ал түйткілді мәселелерді көп кешікпей шешу қажеттігін айтты. Еске салайық, кеше Үкімет басшысы шұғыл селекторлық жиын өткізіп, мемлекеттік органдарға ең қажетті деген тауарлардың бағасын көтермеуді тапсырды.


Сымбат МОЛДАТАЙ